Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Мәслихат депутаттары халықпен жүздесті

Мәслихат депутаттары халықпен жүздесті

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Халықтың саяси мәдениетін арттыруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізу» жобасы аясында қаладағы бір мандатты округтерде жергілікті мәсихат депутаттарының қатысуымен 48 ақпараттық науқан өтті. Social project management орталығы ұйымдастырған іс-шараларға депутаттармен қатар жергілікті сайлау комиссияларының басшылары қатысты.

Тұрғындарға жүргізілген ақпараттық науқан кезінде олардың саяси құқықтары мен мүдделері, өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыреті, қызметті ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқару туралы заң арқылы реттеледі.

Мәслихат депутаттары халықпен жүздесті

«Қазір Алматы қаласы мәслихатында 42 депутат бар. Олардың жартысы партиялық тізіммен, жартысы бір мандатты округ бойынша сайланған. Олар, әрине, атқарушы орган өкілдері емес. Бірақ елдің ұсыныстары мен шағымдарын жинақтап атқарушы органдарға жеткізуге құзыретті» дейді ұйымдастырушы Б.Молдахметұлы.

Алматы қаласында барлығы 21 бір мандатты округ бар. Оның 3-уі Бостандық ауданында, 3-уі Алмалы ауданында, 3-уі Әуезов ауданында, 3-уі Медеу ауданында, 3-уі Алатау ауданында орналасса, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб аудандарында 2 округтен бар.

Сәйкес жаңалықтар

«Кредитке тығу басталды». Айнұр Тұрсынбаева компания ашып сынға қалды

bairakkz

ТАЛДЫҚОРҒАН АРУЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

bairakkz

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Минскіде екі алтын медаль жеңіп алды

bairakkz