Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Мәжіліс депутаты «Самұрық-Қазына» қорын таратуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазынаның» қызметін қатты сынға алды. Ол қордың ашық еместігін және ел байлығының белгілі бір адамдардың қолында шоғырланып отырғанын айтып, бұл құрылымды таратуды ұсынды,деп хабарлайды bairak.kz.

“Біз барлық байлығымызды ұрлауға ыңғайлы болсын дегендей бір қолға беріп қойыппыз. Менің ойымша, қорды таратып, оның активтерін бәсекелестік бар ортаға беру керек”, – деді депутат.

Депутаттың айтуынша, қордың негізгі активтері бизнестің не екенін білмейтін, бірақ байлыққа кенелген тұлғалардың иелігінде.

Бұл мәселе қоғамда да, сарапшылар арасында да үлкен резонанс тудыруда. Мемлекеттік активтердің ашық әрі тиімді пайдаланылуы ел экономикасы үшін маңызды екенін атап өткен Жұбанов «Самұрық-Қазына» қорының қазіргі жұмыс форматы осы талаптарға сәйкес келмейтінін айтты.

Жоғарғы есеп палатасының мүшесі Нұрлан Нұржанов мәжілісменнің сынына жауап ретінде қордың қызметіне толық аудит жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл жұмыс биылғы жылдың шілде айында аяқталады.

“Бұл мәселе бізді де өте қатты алаңдатады.  Осыны ескере отырып, «Самұрық-Қазына» қызметіне аудит жүргізуді бастадық”, – деді Нұржанов.

Фото: депутаттың леуметтік желідегі парақшасы

Сәйкес жаңалықтар

Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін ірі жеңіспен бастады

bairakkz

Тегін құқықтық кеңес алғыңыз келсе, бізге келіңіз!

Ришат

Атырауда сауда орталығында жасөспірім биіктен құлап, жарақат алды

bairakkz