Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаевтың сәбиіне Әбдіжаппар Әлқожа азан шақырып, ат қойды

Мейрамбек Бесбаевтың жақында ғана өмірге келген қызына танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа есім берді.

Әнші жаңа туған сәбиге Айзия деп ат қойған.

Мейрамбек Бесбаев үшінші сәбиінің дүниеге келгенін жақын достары мен туыстарының ортасында тойлады. Жиналған көпшіліктің арасынан Әбдіжаппар Әлқожаны ортаға шақырды. Әбдіжаппар Әлқожа қожа болғандықтан, азан шақырып ат қою мәртебесін оған тапсырыпты.

«Әбдіжаппарды ортаға алып, әңгімені осыдан бастасам деп тұрмын. Досы екеуі «Аға, көкпар беріңіз» деді. Содан ниеттенейікші деп, Тараздың төрінде үлкен көкпар бердік. Артынша елдің дұғасы қабыл болып, Айзиядай қызымыз келіп отыр. Ең бірінші осы хабарды естіген кезде мен Әбдіжаппарға хабарластым. «Келші, ешкімге айтпайтын сырым бар» дедім. Қуанышым қойныма сыймай жатты. «Әбдіжаппар, сенің осы кішкентай ниетіңе осындай жағдайлар болды. Құдай қаласа, ұл бола ма, қыз бола ма, атын өзің қойып, азан шақырасың» дедім. Бұл қожаның баласы ғой. Көп нәрсені бізден жақсы біледі», – деді «МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев.

Еске салайық, жақында Мейрамбек Бесбаевтың әйелі жүктілігі және қалай босанғаны туралы айтып берген болатын.

Сәйкес жаңалықтар

ПЛЕЙ-ОФФҚА БІР ТАБАН ЖАҚЫН

bairakkz

ММА СПОРТЫНАН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

bairakkz

Қазақстан мен Еуроодақ стратегиялық диалогты тереңдетуге ниетті

bairakkz