Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Мешіттер бизнес көзіне айналды – депутат

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қайтыс болған адамға арнап мешітте берілетін ас кезіндегі ысырапшылдыққа қынжылыс білдірді, деп хабарлайды bairak.kz.

Оныңайтуынша, Астанадағы бас мешіт пен Хазірет Сұлтан мешіттерінің ас беру мәзірі той дастарқанынан кем емес. Бағасы – адам басына 20 мың теңгеге дейін көрінеді.

Адам өліміндегі ас емес, той жасайтын дастарқан! Минималды баға 7000 теңге. Бірақ ол кезде етті өзіңіз әкелесіз. Бұл бизнес болмағанда не сонда? Мысалы Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстарында дастарқанда тек 7-ақ ас түрі болады. Одан басқа мәзір жоқ! Ұсынбайды! Неге бас қалада, басқа аймақтарда осылай болмайды? Ерте ме, кеш пе кез келген адам басына өлім келеді. Одан ешкім құтыла алмайды. Жер алу, жаназа, ас беру, зират көтеру… осының бәрі бір күні алдыңыздан шығатын діни жоралғылар. Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы тарапынан бұл мәселе дұрыс жолға қойылмаса, қайғыдан қан жұтып отырған жандарға, ақшасы жоқтарға одан сайын соққы болып отыр. Ысырапшылдықтың алдын алу неге мешіттерден басталмайды?! — дейді депутат.

Фото: parlam.kz

 

 

Сәйкес жаңалықтар

«Челси» «Астанамен» ойнайтын құрамын жариялады

bairakkz

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

bairakkz

Үржарда көлік қағып қаза тапқан балалар жер қойнына тапсырылды

bairakkz