Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Назарбаев университетінің студенті жазаланды

Назарбаев университетінде дәретханада отырған қыздарды камераға түсіріп алған екінші курс студентіне жаза қолданды, деп хабарлайды  bairak.kz.

Бірақ көпшілік күткендей оқудан шығарылған жоқ. Тек айыппұлмен құтылды.

Оқу орнының баспасөз қызметі студенттің осы оқиғадан кейін кампустан шығарылғанын хабарлаған. Өз кезегінде Астана полиция департаменті қылмыскерді анықтап, жауапкершілікке тартқанын хабарлады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» бойынша құқық бұзушыға 20 АЕК – 78 640 теңге әкімшілік айыппұл салынды», — деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Темірланның дәретханада видеоға түсірген студент туралы жазбасы төрт күн ішінде 3,7 мың лайк пен 187 пікір жинаған. Осыдан кейін оны тәртіптік тыңдауға шақырған.

Белсенді бұл тыңдауды университет әкімшілігінің қысымы мен қорқыту әрекеті деп бағалады.

«Мәселені жариялағаны үшін жазалау – ақылға қонымсыз. Егер біз бүгін үнсіз қалсақ, ертең бұл әрқайсымыздың басымызға түсуі мүмкін, – деді Темірлан.

Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі студентке қысым жасалып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарған.

Сондай-ақ универститет тарапы әйелдердің әжетханасында видео түсірді делінген студент каспустан шығарылғанын хабарлады.

Кампустағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында университет қатаң шаралар қабылдады. Видеожазбаға қатысы бар студент кампустан шығарылды. Сонымен қатар, студенттердің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғау үшін барлық қажетті шаралар жүзеге асырылды— делінген университет хабарламасында.

Фото: Freepik

Сәйкес жаңалықтар

Жаңа сервис: ХҚКО жеке менеджерін үйге шақыру

bairakkz

Мемлекет басшысы Әлия Юсупованы қабылдады

bairakkz

Жәнібек Әлімханұлы Астанада чемпиондық жекпе-жек өткізуі мүмкін

bairakkz