Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде келіндері алғаш түскен күннен бастап оларға қандай талап қоятынын жеткізді.
Айдарбекова шаңырағындағы отбасылық кештерді қатты жақсы көретінін айтты.
Қанша жерден түрлі тағам жет жатсақ та, өз үйіңнің дәмі бөлек қой?! Аңсап келесің. Келіндерді қолдан нан жабуға, етті сүрлеп, иісін бұрқыратып асып қоюларына о бастан үйретіп тастаймын. Ертең өз келіндері де осылай күтетін шығар?! Қай жаққа кетсем де, осы сәтті сағынамын. Отбасымен ыстық ұямызда жиналып, қалған бар тақылауды ақылдасамыз, – деп жазды продюсер Instagram-дағы парақшасында.