Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Сирияның уақытша премьер-министрі тағайындалды

Мохаммед әл-Башир Сирияның премьер-министрі міндетін уақытша атқарушы болып үш ай мерзімге, яғни 2025 жылғы 1 наурызға дейін тағайындалды. Бұл туралы саясаткер кеше, сейсенбі күні телеарнада мәлімдеді, деп хабарлайды bairak.kz.

Мухаммед әл-Башир Қазақстанда тыйым салынған, Дамаск қаласын басып алған «Хайят Тахрир аш-Шам» тобымен тығыз байланысты. Бұған дейін ол Идлибте орналасқан Құтқару үкіметін басқарған болатын.

Министрлер кабинетінің отырысы өтті, оған Идлиб және оның айналасындағы аймақтарда жұмыс істеген Сирияның Құтқару үкіметінің жұмыс тобы, сондай-ақ бұрынғы режимнің Сирия үкіметі қатысты. Отырыстың басты назары институттарды тапсыруға және маңызды істерді басқаруға аударылды, — деп мәлімдеді әл-Башир өз үндеуінде.

Құтқару үкіметінің ресми сайтында жарияланған түйіндемесіне сәйкес, оның мамандығы — инженер, ағылшын тілі және шариғат заңдары саласында қосымша біліктілігі бар.

Айта кетейік, Сирия президенті Башар Асад елдегі азаматтық соғыстан соң Ресей астанасына келген.

Сәйкес жаңалықтар

ҚР ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІ МЕН Л. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Ришат

Ғасыр жасқа таянған атамыз дауыс берді

bairakkz

Алаяқтар ҰҚК атын жамылып, адамдарға құжат жіберіп жатыр

bairakkz