Оңтүстік Кореядағы Муан әуежайында болған ұшақ апатынан тек екі адам тірі қалды, деп хабарлайды bairak.kz.
Таиланд астанасы Бангкоктан Оңтүстік Кореяға бағыт алған ұшақ бүгін таңертең апатқа ұшырап, борттағы 181 адамның 179-ы қаза тапты.
Муанда (Сеулден 288 шақырым жерде) ұшақ апатынан екі адамды қоспағанда, борттағы барлық адам көз жұмған. Бұл туралы Оңтүстік Коряның өрт сөндіру агенттігі хабарлады.
Бортында бангкоктық 181 жолаушы болған Jeju Air авиакомпаниясының ұшағы таңғы сағат 9:07-де Муан халықаралық әуежайына қонуға тырысып, ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соқтығысқан. Әуелі кем дегенде 28 адам опат болып, тағы бірнеше адам жарақат алғаны хабарланған еді. Кейін жолаушылар борттағы адамдардың көбі дерлік аман қалмағаны белгілі болды.
Бұл оқиға Jeju Air әуе компаниясының тарихындағы алғашқы үлкен апат. Компания 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оңтүстік Кореяның ресми орындары оқиғаны мұқият тексеруге уәде берді. Қазіргі уақытта тергеу басталып, апаттың нақты себебін анықтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.