Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Перизат Қайраттың AMANAT партиясына қатысы бар ма

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының депутаты Елнұр Бейсенбаев Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Бейсенбаев «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының AMANAT партиясына қатысы жоқ екенін айтты.

«Тергеу аяқталғанын күту керек. Сома да қомақты. Әрбір қайырымдылық қорының басшысы халықтан келген әрбір теңге үшін жауапты екенін білуі керек. «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының AMANAT партиясына қатысы жоқ. Қордағы қамқоршылар жас волонтер болды. Бұл үш жыл бұрын болған оқиға. Қазір олар белгілі бір жетістікке жетіп, партия құрамына кірді, лауазымдарға ие болды. Ол кездегі жас балаларды волонтер, белсенді азаматтар ретінде білемін. Пандемия кезінде біз 600 мың азаматқа көмектестік», — дейді депутат.

Бейсенбаев қайырымдылық қорларына тыйым салудың қажеті жоғын айтады.

«Бірақ олардың ашық әрі әділ жұмыс істеуін біз қамтамасыз етуіміз керек. Ол саяси мәдениетте ақшаның тазалығын қалыптастырады. Әрине, халықтың аңқаулығын, сенімділігін қоғамда пайдаланатындар жоқ емес. Бұл осы қорға қатысты ғана мәселе емес. Ондайлар көп. Барлығын тексеріп, ретке келтіру керек. Өзім қайырымдылық қорларына көмектесіп тұрамын. Бірақ «Біз біргеміз» қорына ақша жібермедім. Су тасқыны кезінде біз партияның атынан көмектестік», — дейді Елнұр Бейсенбаев.

Сәйкес жаңалықтар

Еркежан Сабырбайқызы: «Қазіргі бессайыс қазаққа жат емес»

Ришат

Қазақстан мен Армения президенттері келіссөз жүргізді

bairakkz

Балжан Бидаш оқырмандарын ойландырып қойды

bairakkz