Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Прездиенттің баспасөз хатшысы ауысты

Фото: СІМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы қызметінде өзгеріс болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президенттің Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды. Ал Президенттің өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол бұрын атқарған қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Руслан Желдібай 2022 жылғы 14 сәуірде Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалған болатын. Кейінірек, 2023 жылғы 5 қаңтарда ол Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Ал Айбек Смадияров 2024 жылдың желтоқсан айында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кеткен. Одан кейін Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған еді.

Сәйкес жаңалықтар

«Жайлы мектеп» бойынша салынған мектептердің 40%-дан астамы ауылдық жерде

bairakkz

Лукашенко: «Мен Зеленскийді өз ұлымдай көрдім»

bairakkz

ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕН ҚОС МЕДАЛЬ

bairakkz