«МузАРТ» тобының солисі, танымал әнші Сәкен Майғазиев үнемі өміріне налып жүретін жандарға кеңес айтты.
Өнер иесінің сөзінше, сенің жеке мәселелерің көп адамға қызық емес, ал кейбіреулер оны саған қарсы пайдалануы мүмкін. Әнші өз-өзіңе ғана иек арту қажет екенін еске салды.
«Шаршадым», «Мазам болмай жүр», «Түнімен ұйықтай алмай шықтым», «Проблемам бітпей кетті», деген сөздерді лексиконымыздан (сөздік қорымыздан) алып тастайық. Өйткені біреудің басындағы ауыртпалықты біреу дәл сол адамдай сезіне алмайды. Ғалымдар зерттеулерге сүйене отырып, мынадай кеңес ұсыныпты: «Проблемаңды ешкімге айтпа, олардың 50%-ына ол қызық емес, ал 50% сенде проблема болғанына қуанады». Мархабат. Иван Тургеневтің: «Қандай қиындықта да күмәнсіз басыңды сүйейтін екі иық бар, екеуі де – өзіңдікі» деген екен. Алла тағаланың бізге өзіміздің күре тамырымыздан да жақын екенін естен шығармайық. Жұма мүбәрак, жақсыларым! – деп жазды әнші.
Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.