Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ПСЖ әлемнің ең қымбат футболшыларын алмастыратын ойыншылар таңдап қойды

Неймар мен Мбаппе париждіктерден кетпек.

Франциялық «Пари Сен-Жермен» командадан шабуылшылар Килиан Мбаппе мен Неймар кеткен жағдайға амал қарастырып отыр.

AS мәліметінше, 20 жастағы франциялыққа мадридтік «Реал» көз тігіп отыр. Сонымен қатар, ПСЖ өкілдері бразилиялықтың каталондық «Барселонаға» оралуы туралы қауесетке байланысты алаңдап отыр.

Осыған байланысты ПСЖ шабулшылар орнына екі футболшыны қарастырып отыр. Басты назарда мадридтік «Атлетико» форварды Антуан Гризман. Париждіктер 27 жастағы франциялық үшін келісімшартын үзенген жағдайға көрсетілген 200 миллион еуро өтемақысын беруге дайын.

Екінші футболшы — «Реал» форварды Карим Бензема. Transfermarkt 31 жастағы франциялықты 40 миллион еуроға бағалап отыр.

Бұл маусымда Мбаппе ПСЖ үшін 23 матчте ойнап, 21 гол салды. Неймар 22 матчте 20 гол соқты.

Жуырда KPMG аудиторлық компаниясы Неймар мен Мбаппені әлемнің ең қымбат футболшылары деп атаған. Бразилиялықтың трансферлік құны 229 миллион еуро, ал франциялық 215 миллионға бағаланып отыр.

Гризман болса «Атлетико» үшін 29 матчте ойнап, 15 гол соқты. Бензема «Реал» үшін 31 матчте 12 гол соқты.

Вести.кз

Сәйкес жаңалықтар

АЙДЫНДЫ АЛАКӨЛДІҢ ЖАҒАСЫНДА

bairakkz

Сайлауға мерекелік көңіл күй сыйлады

bairakkz

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚТЫҢ 10 ҮЗДІК СПОРТШЫСЫ КІМДЕР

Ришат

Пікір жазу