Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Талғарда полиция марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы адвокат Асқар Қаймақов айтты,  деп хабарлайды bairak.kz.

Адвокаттың мәлімдемесіне сәйкес, Нұрымовқа қылмыстық кодекстің 202-бабы (“бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша айып тағылған. Қазір Шерзат Полаттың әкесі бұзақылық бабымен қамауға алынған, қорғаушы оған берілген жазаны заңсыз деп санайды.

Қаймақов сот процесінде елеулі заңсыздық болғанын айтады. Ол сондай-ақ Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімінен кейінгі оқиғада «Қаржаубай Нұрымовты туыстары мен адвокаттары ұстауды сұрады» деген полицияның мәлімдемесін жоққа шығарды.

Туыстары қаза тапқан Нұрқанаттың жеке хат-хабарларын жариялауға келісім бермеді, — деп атап өтті адвокат.

Бұған дейін Қаржайбай Нұрымовтың қамауға алынғанын жазған едік.

Сәйкес жаңалықтар

Футболшы Мбаппе қыз зорлады деген күдікке ілінді

bairakkz

«Шойынбалға» Руслан Абдуллаев кәсіпқой боксқа ауысты

bairakkz

Қазбек Ибрашев дүниеден озды

Ришат