Футболдан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан құрамалар белгілі болды. Соңғы екі ойында Швеция мен Англия құрамалары келесі кезеңге өтті. Швеция Швецария құрамасын 1:0 есебімен жеңді. Голдың авторы (63 минутта) Эмиль Форсберг.
Колумбия мен Англия құрамалары негізгі уақытта 1:1 есебімен тең ойнады. Қорытындысында ширек финал жолдамасы пенальти сериясы бойынша анықталды. Колумбия құрамасы сапынан Уриба мен Карлос Бакка пенальтиден мүлт кетті. Ағылшындардан Хендерсон қателесті.Ширек финалда Англия Швеция құрамасымен, Ресей – Хорватия, Бразилия – Бельгия, Франция – Уругвай құрамасымен кездеседі.