Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Шымкентте жемқорлық толық азайды деп айта алмаймын — әкім

 Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәжілісінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жемқорлықпен күрестегі позициясын айтты.

Президент те, үкімет те жемқорлықты азайтып, оның көзін құрту позициясын ұстанады. Мен әкім болып келе сала, әкімдіктегі әріптестеріме, бизнестегі бүкіл кәсіпкерге «Енді ондай жағдай болмайды» деп өз позициямды ашық айтып, ескерттім. Өкінішке қарай осыған қарамастан жанымызда жүріп, заңсыз табыс табу үшін түрлі әрекетке барған қызметкерлер болды. Олар заң бойынша жазасын алғанын жақсы білесіздер. Шынын айтқанда, қазір бізде толықтай азайды деп айта алмаймын. Себебі әртүрлі салада заңсыз әрекет болып жатқаны маған жетіп жатады. Оған қарсы күресетін арнайы органдар бар. Олар өз жұмысын істеп жатыр. Біз «таза, адал жолмен жұмыс істейміз» деген позицияны ұстанамыз, ол өзгермейді, — деді Ғабит Сыздықбеков.

Сәйкес жаңалықтар

Отбасыммен сайлауға бардым

bairakkz

«Қазақстан барысында» жеңімпаз атанған балуанға белгілі меценат автокөлік сыйлады

bairakkz

Ақтаулық теннисші Англия турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

bairakkz