Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

«Шын жүректен өкінеміз»: Кенесары ханға қатысты даудан кейін студенттер кешірім сұрады

Tizgin.kz коллажы

Астанада алмасу бағдарламасы бойынша білім алып жүрген қырғызстандық студенттер Аруке мен Эдина Кенесары хан туралы айтқан даулы сөздерінен кейін Қазақстан және Қырғызстан халқынан кешірім сұрады.

Қыздар қазақ тілінде видеоүндеу жасап, интернетте тараған сөздеріне өкінетіндерін мәлімдеді.

«Интернетте тарап кеткен сөздеріміз үшін кешірім сұраймыз. Қандай жағдай болмасын, басқа халықтың намысына тиетін сөз айтуға болмайды», — деді студенттер.

Блогерді арандатушылық жасады деп айыптады

Студенттердің айтуынша, даулы жағдай онлайн эфир кезінде болған. Олар эфирге қатысқан блогердің әдейі арандатушылық сипаттағы сұрақтар қойғанын және соның салдарынан орынсыз сөздер айтылғанын жеткізді.

Сонымен бірге қыздар бұл жағдай өздерінің әрекетін ақтамайтынын мойындады.

«Біздің мақсатымыз қазақ халқын қорлау болған жоқ. Айтқан сөздерімізге шын жүректен өкінеміз», — деді олар.

Студенттер Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарынан кешірім сұрап, мұндай жағдайдың енді қайталанбайтынын айтты.

Дау неден басталды?

Бұған дейін Бішкектен Астанаға алмасу бағдарламасымен келген студенттердің онлайн эфирінен үзінді әлеуметтік желілерде тараған.

Эфир барысында қыздар Қырғызстанда «Кенесары ханның бас сүйегінен шарап ішетіні» туралы сөз айтқан. Бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде үлкен наразылық туғызып, Қазақстан мен Қырғызстан қолданушылары арасында қызу талқыланды.

Эфирге қатысқан өзге адамдар да студенттердің сөзін сол сәтте сынап, видеоны Қырғызстан елшілігіне жіберетіндерін айтқан.

Оқиғадан кейін студенттер арнайы видеоүндеу жариялап, айтқандарының орынсыз болғанын мойындап, екі елдің халқынан кешірім сұрады.

Сәйкес жаңалықтар

Шоттардың жаппай бұғатталуы: комитет мән-жайды түсіндірді

bairakkz

Екі шпагашы Әлем кубогында үздік ондыққа енді

bairakkz

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ УЭЛЬС ФУТБОЛШЫЛАРЫН 3:2 ЕСЕБІМЕН ҰТТЫ

Ришат