Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Соғыс қа да, сайлауға да қатысты

Талдықорғандағы №8 орта мектепте орналасқан №386 сайлау учаскесінде Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Ысқақ Құсайынов өз таңдауын жасады.

Әрбір сайлау науқанынан қалмауға тырысатын ақсақал өскелең ұрпақтың болашағы — ұлттың болашағы деп түсінетінін айтады. Бүгінде  немерелерінен шөбере сүйіп, ғасыр жасаған ардагер:

-Біз зұлматты соғыстың ызғарын көрген жанбыз. Отан үшін отқа түсіп, аман қалдық. Бүгінгі бейбіт заманға қол жеткізіп, осынау шараға атсалысып жүргеніме бақыттымын. Біз көрген сұм соғысты, қиындықты бүгінгі жас ұрпақ көрмесін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, — деп жанашыр тілегін бөлісті.

№386 сайлау учаскесінің төрағасы Самғат Долаевтың айтуынша, №8 мектепте орналасқан учаскеге 2697 адам тіркелген.

Сәйкес жаңалықтар

Өнерлі жұп таңдау жасады

bairakkz

Спорт алаңы ашылды

bairakkz

ҮНДІСТАНДА ҮЗДІК АТАНЫП, ҮМІТТІ АҚТАДЫ

bairakkz

Пікір жазу