Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Спорт мекемелері жарысты


Тәуелсіздігіміздің таңы атқан жиырма жеті жылдан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшы¬лығымен қыруар жұмыстар атқарылды. Елбасы спортқа зор көңіл бөліп, жыл сайынғы жолдауларында бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді.
Осы орайда, Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқармасының бастауымен ағымдағы жылдың Талдықорған қаласы Жастар-2 спорт залында шағын футболдан спорт мекемелер қызметкерлері арасында «Облыс кубогы» өткен болатын. Аталған жарысқа Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқармасы «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» №1 «БЖСМ» Мамандандырылған кәсіби гандбол клубы, Регби клубы, Облыста спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі «Жастар» спорт сарайы Футболдан «МБЖСМ» — командалары қатысып бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша «Жастар» спорт сарайы командасы 1-ші орын иеленсе, Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі 2-ші орын, Облыста спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі жүлделі 3-ші орынды ұтып алды. Жарыстың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын дәріптеп, бұқаралық спортты насихаттау болып табылады. Жеңімпаз бен жүлдегер командаларды құттықтаймыз.

Сәйкес жаңалықтар

КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАС

bairakkz

САЙЛАУШЫЛАР НАУРЫЗ КӨЖЕДЕН ДӘМ ТАТТЫ

bairakkz

Ширек ғасырда еркін күрестен бір әлем чемпионын баптауға жарамадық…

bairakkz

Пікір жазу