Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

«Тікелей қиянат жасады». Амалбек Тшанов бас жаттықтырушыға қатысты ойын айтты

Мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов Assyltas TV youtube-арнасына берген сұхбатында Мырзағали Айтжановқа қатысты ойын айтты айтты.

Оның айтуынша, көп жағдайда бас жаттықтырушының кінәсі бар.

«Екі жағдайға бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановтың кінәсі бар. Тікелей оны айта аламын. Біріншіден, 51 кг-дағы Махмудты 57-ге өткізіп қойды. 57 кг-дағы Сәкенді 51-ге әкелді. Сәкен қай салмақта болса да бойы ұзын. Керісінше оны 57-де ұстау керек еді. Ал Махмуд 51-де болғанда өзбекті де жеңетін еді. Ол бала бір ерекше. Мырзағалидың осы шешімі ешқашан кешірілмейтін нәрсе, тікелей қиянат жасады. Бұл — бір. Кешегі финалдық жекпе-жекті қараңыз. Жұрттың бәрі көрген Украина боксшысының агрессивті түрде ойынын жаттықтырушылар өте жақсы біледі. Жаттықтырушылар неге соған ыңғайлап дайындамады? Боксшыға ең керегі — аяқ. Аяқпен жақсы жұмыс істесе қорғана да алады, шабуылдай да алады. Жарыс басталмай тұрып, дайындауға болар еді. Сол жердің өзінде де ештеңе жасамады. Біздің бала барлық жағынан да басым, бірақ тактикалық жағынан қателік кетті. Соның бәрін айтатын жаттықтырушы сол жерде тұр ғой. Екі боксшы үшін Мырзағали Айтжановты қатты кіналаймын. Бұлардың алтын алатынына күмәнім жоқ еді», — деді ол.

Сондай-ақ, ол дүниеқұмарлыққа ергендердің бәрін түп тамырымен жою керегін айтты.

«Бас жаттықтырушы барлық мәселені өзі шеше береді. Осының бәрін тоқтату керек. Бір адамға билікті беріп, бас иіп отыруды тоқтату керек. Мырзағали Айтжанов неге Тұрсынғали Еділовті қасына шақырып, бас кеңесші етпейді? Қайда жүр ол? Себебі бөліскісі келмейді, бәрі сол дүниенің айналасындағы әңгіме. Майшелпек жегендердің бәрін қуу керек. Олар алатынын алып, ішерін ішіп болды. Олимпиада біткенде кешірім сұрады. Несіне кешірім сұрайды, кету керек ол», — деді ол.

Сәйкес жаңалықтар

Әлеуметтік қызметкерлер енді біліктілігін арттыру курстарынан өтеді

bairakkz

ЕКІ ЖЫЛҒА СОЗЫЛАТЫН ТУРНИР

bairakkz

Кәсіпкер Дулат Тастекей Әбиба Әбужақыноваға стипендия беруді ұсынды

bairakkz