Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

TOUR of ZHETYSU чемпиондары

 

         Жер жаннаты Жетісудың төрінде велоспорттан халықаралық «GRAN FONDO KAZAKHSTAN – TOUR of ZHETYSU» турнирі өтті. Жарысқа алыс-жақын шет елдер мен ТМД мемлекеттерінен келген 250-ге жуық спортшы қатысты.

Жиын облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың алғысөзімен бастау алды.

– Бүгінгі өткен жарыс велоспортты ары қарай дамытуға үлкен септігін тигізеді. Сонымен қатар, шетелден келген спортшылар туризмді дамытуда. Сондықтан осындай жарыстарды жиі ұйымдастырып тұруымыз керек. Жарысқа келушілердің қатары да артып келеді. Елбасымыз салауатты өмір салтын насихаттауды, спортты дамытуды алға қойып отыр. Осыған орай жарысты ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, – деп ізгі тілегін білдірді.

 Осыдан кейін желмен бірге жарысқан жүйріктің жалынан сипайтын қазақтың ұрпағы көз ілеспес жылдамдықтарымен танылған велошабандоздардың жанкүйері болды. Мұқыры ауылынан бастау алған жарыста спортшылар облысымыздың ең көрікті жерлерімен жүріп өтті. Дүбірлі додада вело шабандоздар қос дөңгелекті диірменше айналдырып, барын салып өнер көрсетті. Екі күнге созылған дүбірлі додада кіл жүйріктер 80 шақырымды бағындырды. Алғашқы шақырымында бір қалыпты жылдамдықты ұстап жүрген спортшылар уақыт өте келе бірінен-бірі озуға тырысып, мәреге қарай ағылып отырды.

Жарыс қорытындысы бойынша 18 – 35 жастағы қыздар арасында 1-орынды Мария Киреева 2-орынды Екатерина Степанова жеңіп алды. Ал, 3-орынды Марина Елисеева еншіледі. Жасөспірімдер арасында  1-орынды Асылбек Ғалымжан еншілесе, 2-орынды Никита Перков қанжығасына байлады. 3-орын Айдынжан Жанатұлына бұйырды. 18-34 жастағы ерлер арасында Никита Федотовских алтыннан алқа тақса, Максим Штырьбулов күміспен күптелді. Ал, Джонас Орсет қоланы қанағат тұтты. Жасы 30 дан асқан әйелдер арасында 1-орын Виктория Зайцеваға бұйырды. 2-орынды Катерина Шатная, 3-орынды Юлия Фернас иеленді. 35-45 жастағы ерлер арасында бас бәйгені Бахтияр Мамырбеков иемденсе, 2-орынды  Геннадий Крупяков қанжығасына байлады.  Ал 3-орынға Игорь Морозов қол жеткізді. 46 – 55 жастағы ерлер арасында 1-орын  Сергей Гизатулинға бұйырса, 2-орынды Максим Сотников алды. Ал, Сергей Сухарев қола жүлдеге қол созды. 56 жастан жоғары ардагерлер арасында 1-орынды Алексей Абраменко жеңіп алса, 2-орын Ринат Ахметбековқа бұйырды. 3-орынды Сергей Волков еншіледі.

 

Сәйкес жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ КУБОГЫНА ҚАТЫСАТЫНДАР ТІЗІМІ

Ришат

Головкин жас боксшыларға уәде берді

bairakkz

Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау аясында 135 шақырымдық аламан бәйге ұйымдастырылды

bairakkz