Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Трамп Путинге үндеу жолдады

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ресей президенті Владимир Путинге үндеу жариялад.

Мен Ресейге зиян тигізгім келмейді. Мен оның халқын жақсы көремін және радикалды солшылдардың «Ресей, Ресей, Ресей» деп айтқанына қарамастан, менің президент Путинмен қарым-қатынасым өте жақсы болды. Біз Ресей Екінші дүниежүзілік соғысты жеңуге көмектескенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Олар сол үшін шамамен 60 000 000 адамынан айырылды. Осыны ескере отырып, мен экономикасы құлдыраудың алдында тұрған Ресей мен президент Путинге мол жақсылық жасағым келеді. Қазір келісімге келіңіздер де, бұл мағынасыз соғысты тоқтатыңыздар! БҰЛ СОҒЫС ТЕК УШЫҒА БЕРЕДІ, — деп жазды Трамп.

Осы тұста ресми деректер бойынша, Кеңес Одағының соғыстағы адам шығыны 27 миллионға дейін жеткенін айта кетейік. Сондай-ақ бұл сан Ресей азаматтарымен қатар сол кездегі КСРО құрамына кірген барлық республикалардың өкілдерін қамтиды.

Егер біз жақын арада «келісімге» келмесек, Ресейдің АҚШ-қа және басқа елдерге сататын барлық өнімдеріне жоғары салық, тариф пен санкция салуыма тура келеді. Бұл соғысты тоқтатайық, егер мен бұған дейін президент болғанда, ол ешқашан болмас еді! Біз мұны оңай немесе қиын жолмен шеше аламыз, бірақ оңай жол әрқашан жақсы. Келісім жасау уақыты келді. ЕНДІ ЕШҚАНДАЙ АДАМ ҚАЗА ТАППАУЫ ТИІС! — деп қорытындылады Трамп.

Фото: Valery Sharifulin/ITAR-TASS/imago

Сәйкес жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало брифинг өткізді

bairakkz

Дональд Трампты кім атқаны анықталды

bairakkz

Сайлау күні Жетісу облысында 23 сәби дүниеге келді

bairakkz