Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Трамп ресми түрде президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

Қастандық жасалғанына қарамастан Дональд Трамп АҚШ президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Euronews-тің жазуынша, вице-президент лауазымына сенатор Джеймс Дэвид Вэнсті таңдаған.

Республикалық партия, бұған дейін болжанғандай, Милуоки қаласында өткен ұлттық съезд барысында Дональд Трампты 5 қарашада өтетін президенттік сайлауға кандидат ретінде ресми түрде ұсынды.

Бұған дейін Трамп вице-президент лауазымына Огайо штатынан республикалық сенатор Джеймс Дэвид Вэнсті таңдағанын хабарлаған еді.

Қызметтегі президент Джо Байден Трамптың бұл таңдауын түсіндіріп, Джей Ди Вэнс жұмысшы адамдар туралы көп сөйлейтінін, бірақ іс жүзінде Трамппен бірге орта тап отбасылары үшін салықтарды көтергісі келетінін, ал байлар үшін салықтарды төмендетуге тырысатынын айтты.

39 жастағы Вэнс, бұрынғы әскери, кәсіпкер және табысты жазушы, заңсыз иммиграциямен күресте қатаң шараларды және экономикалық протекционизмді қолдайды. Ол Вашингтонның Украинаға қару-жарақ жеткізуін тоқтатуды және қақтығысты тезірек реттеуді талап етеді.

АҚШ Республикалық партиясының ұлттық съезі Трампқа жасалған қастандықтан кейінгі келесі күні Милуоки қаласында жұмысын бастады. Вице-президент лауазымына үміткердің жариялануы дүйсенбі күннің негізгі оқиғасы болды. Дональд Трамптың кандидатурасы түпкілікті мақұлданатын съезд бейсенбіге дейін жалғасады.

Фото: x.com/DonaldJTrumpJr

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан спортты қаржыландыру жолын оңтайландырмақ

Ришат

«Железный человек» из Жетысу сделал свой выбор

bairakkz

Черчесов жылдың соңғы екі матчына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады

bairakkz