Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Түркістан облысының бес гандболшысы Пәкістандағы жарысқа аттанды

Пәкістанда гандболдан IHF Central Asia Youth and Junior Men Trophy (U20 және U18) халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамаларына Түркістан облысынан бес спортшы енді. Олар: Қарсыбай Мәулен, Әли Нефталиев, Илья Хвостов, Әзізбек Олжабаев және Мансұр Қуаныш.

Спортшылардың ұлттық құрама сапына шақырылуы – олардың жоғары шеберлігінің, табанды еңбегі мен спорттағы жетістіктерінің айқын дәлелі.

Түркістан облысы гандбол федерациясының президенті Дилафруз Мадиева жарыс басталар алдында спортшылармен бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, оларға қолдау білдіріп, сәтті ойын тіледі.

Түркістан облысынан бірден бес спортшының ұлттық құрамалар сапына енуі – федерациямыз бен өңіріміз үшін зор мақтаныш. Жігіттердің қобалжымай, бар шеберліктерін көрсетіп, лайықты нәтижеге қол жеткізетініне сенемін. Олар өз мүмкіндіктерін толық көрсете алатын, болашағынан зор үміт күттіретін спортшылар, – деді Дилафруз Мадиева.

Халықаралық гандбол федерациясының (IHF) қолдауымен ұйымдастырылған бұл турнир жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, халықаралық жарыстарда тәжірибе жинақтауына және ұлттық құраманың болашақ резервін даярлауға мүмкіндік беретін маңызды кезең саналады.

Түркістан облысының гандбол федерациясы жас таланттарды қолдауға ерекше көңіл бөліп, олардың кәсіби тұрғыдан өсуіне және халықаралық аренада табысты өнер көрсетуіне қажетті жағдай жасау бағытындағы жұмысын жалғастырып келеді.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда такси жүргізушілеріне жолаушыларды міндетті сақтандыру талабы қойылды

bairakkz

Монополияға қарсы орган «Астана ЕРЦ» мекемесіне ресми ескерту жасады

bairakkz

Тоқаев Ұлытауда кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

bairakkz