Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

UAE SWAT Challenge: Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді

Фото: Ұлттық ұлан

Қазақстан командалары Дубай қаласында өткен UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінде жоғары деңгейдегі дайындық пен кәсібилікті дәлелдеп, әлемнің үздік арнайы жасақтары арасындағы беделді додада айқын жеңіске жетті.
Бес күнге созылған жарыста қазақстандық арнайы бөлімшелер тактикалық операциялар, ғимарат пен мұнараны басып алу, кепілге алынғандарды құтқару және күрделі кедергілер жолағынан өту секілді бес қиын кезең бойынша бақ сынады. Бұл сайыста тек күш қана емес, темірдей тәртіп, мінсіз үйлесім және стратегиялық ойлау шешуші рөл атқарды.
Турнир қорытындысы бойынша:
• «Kazakhstan C» командасы 2026 жылғы UAE SWAT Challenge жеңімпазы атанды;
• «Kazakhstan A» құрамасы әлемдік турнирде екінші орын иеленді;
• ал шешуші кезеңде «Kazakhstan B» командасы ерекше өнер көрсетіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Осылайша, қазақстандық құрамалар барлық кезеңде қарсыластарына басымдық бермей, табандылық пен шеберліктің үлгісін көрсетті.
Қазақстан құрамасының сапында Қазақстан Республикасы:
• Мемлекеттік күзет қызметі,
• Ұлттық қауіпсіздік комитеті,
• Ішкі істер министрлігі,
• Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің
үздік жауынгерлері біріккен. Түрлі құрылымдардың тәжірибесі бір арнаға тоғысып, халықаралық деңгейде нәтижелі күшке айналды.
Турнирдің ерекше жарқын оқиғаларының бірі – «Tomiris» қыздар құрамасының өнері болды. Олар әйелдер командалары арасында үздік нәтиже көрсетіп қана қоймай, жалпы есепте ондаған ерлер құрамасын артта қалдырды.
«Tomiris» командасы қазақстандық әйел жауынгерлердің батылдығы мен кәсіби деңгейін әлемге танытып, жарыс тарихындағы ерекше оқиғаға айналды.

Сәйкес жаңалықтар

Тіл бұзар терминдер: Спорттағы сөздің сәні мен соры

bairakkz

Бибісара Асаубаева – блиц шахматтан үш дүркін әлем чемпионы

bairakkz

Ұзақ үзілістен соң кортқа оралған Рыбакина жеңіліс тапты

bairakkz