Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Ұлытау облысының әкімі су тасқынына дайындық барысын тексерді

Көктемгі су тасқынына дайындық аясында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков су басу қаупі жоғары елді мекендерді аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылап, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Bairak.kz.

Тексеру барысында әкім қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне назар аударып, жұмыс қарқынын арттыруды талап етті.

Алдымен, Жезді өзенінің 2 шақырымдық аумағында жүргізіліп жатқан санация жұмыстарын көрді. Әкім жағалауларды нығайтуды және су өткізу жүйелерін ретке келтіруді міндеттеді. Барлық жұмыстар екі апта ішінде толық аяқталуы тиіс.

Сонымен қатар Дастан Рыспеков «Жезқазған – Петропавловск» республикалық маңызы бар автожолының қазіргі жағдайын көрді. Жезқазған – Ұлытау бағытындағы жөндеу жұмыстарын жеделдету жүктелді. Сондай-ақ Ұлытау облысы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының басшылығына жолдардың жай-күйін тұрақты бақылауда ұстап, қар тазалау жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырма берілді.

Әкім Шеңбер ауылына баратын жолмен жүріп өтіп, автожолдың жағдайын тексерді. Қардан толық тазартылмаған жол учаскелерін қысқа мерзімде ретке келтіру және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау тапсырылды.

Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Сәйкес жаңалықтар

Жамбыл облысында екі жасөспірім ұзақ жылға сотталды

bairakkz

Астанада IWF Халықаралық допингке қарсы конференциясы өтеді

Ришат

Бір қолға 5 келіден аспауы тиіс: Астанада картопқа шектеу қойылды

bairakkz