Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

«В» тобындағы айқас, сұрмергендер көшін бастады

          ӘЧ — 2018. Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатында Португалия мен Испания құрамалары кездесіп 3:3 есебімен тең түсті. Бірінші таймның 4 минутында Роналду пенальтиді сәтті орындап командасын алға шығарса, 24 минутта Диего Коста таразы басын теңестірді. Үзіліске шығар алдында Роналду дубль жасады. Екінші таймның 55 минутында Диего Коста да дубль жасады. 58 минутта  Начо испандақ құраманы алға шығарды.


Ойын соңында  Криштиану Роналду айып соққысынан гол соғып, таразы басын теңестірді. Португалдық ойыншы осы хет-тригінің арқасында мундиальдағы үздік сұрмергендер көшін бастады.


«В» тобындағы екінші ойында Иран құрамасы Марокконы 1:0 есебімен ұтып, 3 ұпайды қанжығасына байлады. Әзірге осы жеңіспен Иран көш басына шықты.

 

Сәйкес жаңалықтар

Қазыбаев ауылының сайлаушылары 100 % дауыс берген

bairakkz

Жетісуда сайлау барысы бақылауда

bairakkz

«ОЛИМПИАДА – 2020»: СЕГІЗ ЖОЛДАМА АЛДЫҚ

bairakkz

Пікір жазу