Жетісу облысында қант саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлайды bairak.kz.
Ақсу қант зауыты былтыр толық жөндеуден өтіп, биыл толық қуаттылықпен жұмыс істеп жатыр. Қант қызылшасының егіс алқабы 1,7 есеге ұлғайып, 13,7 мың гектарға жетті, 635 мың тонна тәтті түбір жиналды. Нәтижесінде екі қант зауытында 94 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр, оның ішінде қант қызылшасынан 64 мың тонна, қамыс құрағынан – 30 мың тонна, — деді облыс әкімі.
Облыста мал басының барлық түрлері мен ет, сүт өндірісінің өсімі қамтамасыз етілді. Төрт түліктің саны 2,5 миллион басқа жетті. 2024-2026 жылдары жалпы құны 33,2 млрд теңге болатын ауыл шаруашылығына қатысты 31 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде 13 жоба осы жылы іске асырылды.