Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақБасты ақпарат

Жетісуда білім бөлімінің басшысы 380 млн теңге пара сұраған

Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында аса ірі мөлшерде пара алуға оқталған айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бұрынғы білім бөлімінің бастығы бухгалтер мен оның екі сыбайласының ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғанын анықтаған (оларға қатысты жымқыру фактісі бойынша жеке қылмыстық іс жүргізілуде).

Өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ол бухгалтерден атқарып отырған лауазымын босатуды немесе қамқорлығы үшін 380 млн теңге пара беруді талап еткен. Бухгалтер мен оның сыбайластары 200 миллион теңге жинап, оны көлік жүргізушісі арқылы бөлім бастығына берген.
Кейінірек, басшы параның қалған сомасын талап еткенде, бухгалтер құқық қорғау органдарына жүгініп, басшы 80 миллион теңге пара алған кезде ұсталған.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, қылмыстық іс материалдарымен және іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен расталады.

Прокурор сотталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушы тарап ақтау үкімін сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамады.

Сот жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайды асырауында жас балалардың болуын ескерді. Ауырлататын мән-жай – мемлекеттік қызметшінің антын бұзу.

ҚК-ның 366-бабының 4-бөлігінің санкциясы параның 70 еселенген сомасынан 80 еселенген сомасына дейін немесе 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. ҚК-ның 56-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмысқа оқталғаны үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері жазаның негізгі түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің ¾ бөлігінен аспауға тиіс.

Сотталушы ҚК-ның 366-бабының 4-бөлігі және 24-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

ШҚО-да көпбалалы аналар автобуста тегін жүретін болды

bairakkz

Депутаттар Балқаш көліне апаратын жолдың жаңғырту жұмыстарымен танысты

bairakkz

Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады

bairakkz