Жетісу облысы, Көксу ауданының бірқатар малшысы белгіленген сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Күлігін кісінете шарбаққа байлап, ел болашағы үшін таңдау жасаған көксулық малшылардың ішінде бала жастан ғұмырын төрт түлікке теліген Белтай Қасымов та бар.
– Бүгінгідей саяси науқаннан ешуақытта қалыс қалған емеспін. Ел қамы, ұлт болашағы, ертеңгі күніміздің жарқын болуы әрбір азаматқа байланысты деп білемін. Сондықтан да келер күннің көсегесі жасыл манатқа малынар, арлы азаматтар ел ісін басқарар деген ниетпен жележортып келіп, көптен қалмай өз таңдауымды жасадым, – дейді ол.