Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Жетісулықтар 538 кандидаттан үздіктерді анықтайды

 

Жетісу облысында сайлаушылар барлығы 538 кандидаттың ішінен мықтыларды анықтайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазіргі уақытта өңірде дауыс берушілердің белсенділігі байқалады. Кандидаттардың саны да аз емес. Жетісу облыстық бірмандаттық аумақтық №17 сайлау округінен 13 кандидат сайлауға түсіп жатыр. Оның ішінде 1 – кандидат «AMANAT» партиясынан, 12 кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы қатысады.

«Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 5 саяси партияның партиялық тізімі бойынша 58 кандидат сайлауға түседі. «AMANAT» партиясы – 34 кандидат, «ҚХП» партиясы – 6 кандидат, «Ауыл» партиясы – 8 кандидат, «Республика» партиясы – 2 кандидат, «Ақжол» партиясы – 8 кандидат», – деп хабарлады Талдықорғандағы аумақтық сайлау комиссиясынан.

Жетісу облысында бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша облыстық мәслихатқа 16 округтен 52 кандидат, қалалық мәслихаттарға 29 округ бойынша 85 кандидат, аудандық мәслихаттарға 107 округтен 317 кандидатқа дауыс беру басталды.

Сәйкес жаңалықтар

Ашхабад-2017: Сергей Григорьев жабық кешендегі Азия ойындарының рекордын жаңартты

Ришат

ЕУРО-2018. ҚОЛАДАН ҚОЛ ҮЗДІК

bairakkz

ЕГІЗДІҢ СЫҢАРЫ ДАУЫС БЕРДІ

bairakkz

Пікір жазу