Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Жетісуда Дала аруы атанған әжей дауыс берді

Жетісуда Дала аруы атанған әжей дауыс берді

Облыс тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысып жатыр

Сарқан ауданында Жұмыспен қамту орталығының ұжымы өз таңдауын жасады. Орталықтың  қызметкерлері сайлау науқанына бір кісідей атсалысып, айрықша азаматтық белсенділік танытуымен көзге түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Аталған ұжым Сарқан қаласындағы №349 сайлау участкесінде таңдау жасады.

«Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан өтіп жатыр. Мемлекет тағдыры үшін аса маңызды саяси науқанда әрбір азамат саналы түрде сайлауға қатысып, дауыс беруі керек деп санаймын. Өйткені ол әр азаматтың өзінің тағдырына, ел тағдырына әсер етпек»,- деді Жұмыспен қамту орталығының басшысы Дидар Сағынғали.

Айта кетейік, бүгінгі сайлауға аудандағы 4 мыңға жуық бюджеттік қызметкер таңдау жасайды. Сондай ақ Панфилов ауданындағы азаматтар да саяси науқанға белсенді қатысып жатыр.
Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова да бүгінгі саяси оқиғадан қалыс қалған жоқ. Жаркент қаласындағы №317 сайлау учаскесінде дауыс беріп, әрбір сайлаушы азаматтың дауысы маңызды екенін жеткізді.

«Дауыс беру – болашақ үшін таңдау жасадық деген сөз. Сондықтан бәріміздің дауысымыз маңызды. Бүгінгі сайлау өте ерекше болды. Жекелеген азаматтар додаға түсіп жатыр. Жаңа Қазақстанның көрінісі осы», — деді дала аруы атанған апа.

Бүгінгі таңда ауданда 78 дауыс беру учаскесі болса, 84 мыңнан астам тұрғындар дауыс беру құқығына ие.

Сәйкес жаңалықтар

«ГРАН-ПРИ»: ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВ ФРАНЦИЯДА ТОП ЖАРДЫ

bairakkz

Журналистер тоғызқұмалақтан турнирге қатысады

bairakkz

198,5 мың адам МӘСҚ-тен жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды

bairakkz

Пікір жазу