Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Жүлдемен оралды

Кувейтте стенд ату мен нысана көздеуден халықаралық турнир жалғасуда. Қазақстандық Эльдар Иманқұлов қола медаль жеңіп алды. Иманқұлов пневматикалық тапаншамен (10 метр) нысана көздеуден үздік үштікке енді. Бұл сында алтын медальді Сауд Арабиясының өкілі иеленсе, күміске сербиялық Дамир Микеч қол жеткізді. Тағы бір қазақстандық спортшы Рашид Юнусметов бесінші орыннан көрінді. Еске сала кетейік, кеше Виолетта Старостина пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден күміс жүлдегер атанған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Жетісу облысының сайлаудағы бейнесі

bairakkz

Зарина Дияс Франция ашық чемпионатының келесі кезеңіне өтті

Ришат

ҒАСЫР ДОДАСЫ

bairakkz

Пікір жазу