Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Жұманғарин: Жаңа жыл қарсаңында баға тұрақты болады

Үкімет

Қазақстандықтар Жаңа жыл алдында күрт қымбаттаудан қорықпаса болады. Бұл туралы вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкіметтегі брифингте айтты.

Министр өткен жылы мереке кезіндегі жағдай тұрақты болғанын еске салды.

«Өткен жылы жаңа жылдық кезең тыныш өтті. Биыл да сондай болады деп үміттенеміз. Біз азық-түлік бағасын қатаң тежеген жоқпыз, фермерлерге табыс табуға мүмкіндік бердік. Қатты сын айтылғанымен, бағаны күшпен реттеу тәсілдерін қолданбадық. Бірақ кейбір өнімдердің бағасы тұрақты түрде өсіп отырады — бұл таңқаларлық. Мұнда алыпсатарлық факторлар болуы мүмкін», – деді ол.

Жұманғариннің айтуынша, билік бағаға қатысты алыпсатарлыққа жол бермейді.

«Спекулянттардың пайда табуына жол бере алмаймыз. Егер бұл нарықтық қатынастардың нәтижесі болса, ол басқа мәселе. Ал бағаларды күшпен бассақ, одан да жоғары өсімге әкелуі мүмкін. Сондықтан Жаңа жылға қарай ажиотажды қымбаттау болмайды. Тек стандартты, маусымдық өсім болуы мүмкін», – деді вице-премьер.

Сонымен қатар, министр әлеуметтік маңызы жоқ тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын да түсіндірді.

Сәйкес жаңалықтар

2026 жылдан бастап айыппұлдар мен утиль алым 10%-ға өседі

bairakkz

ЖҮЛДЕЛІ ЖЕТІСУ

bairakkz

«ОЛИМПИАДА – 2020»: СЕГІЗ ЖОЛДАМА АЛДЫҚ

bairakkz