Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарШоу-бизнес

13 жастағы қазақстандық әнші Жасмина Түзелова «Славян базарында» жүлдегер атанды

Фото: gov.kz

Астаналық 13 жастағы әнші Жасмина Түзелова Витебскіде өтіп жатқан «Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясындағы XXIII халықаралық балалар музыкалық байқауында жүлделі үшінші орынға ие болды.

Жас орындаушы байқаудың екінші күнінде «Ромашка-Василек» әнін орындап, қазылар алқасынан 66 ұпай жинады. Ал екі кезеңнің қорытындысы бойынша оның жалпы нәтижесі 126 ұпайды құрап, 19 елдің қатысушылары арасынан үздік үштікке енуіне мүмкіндік берді.

Бұған дейін байқаудың алғашқы күнінде Жасмина қазақтың халық әні «Сарыарқаны» орындап, қазылар тарапынан жоғары баға алған.

Байқаудың бас жүлдесін 150 ұпай жинаған Беларусь өкілі Лизавета жеңіп алды. Екінші орынға 127 ұпаймен Румыния әншісі Лючия Байку жайғасты.

Үшінші орын иегері ретінде Жасмина Түзеловаға 2 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы табысталады. Ал Гран-при жеңімпазы 5 мың АҚШ долларын иеленеді.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 17 шілдеде өтетін «Славян базары» халықаралық фестивалінің гала-концертінде өтеді.

Айта кетейік, Жасмина Түзелова бұған дейін де халықаралық және республикалық вокалдық байқауларда табысты өнер көрсеткен. Ол 2022 жылы Central Asia’s Got Talent жобасының жартылай финалына дейін жетсе, 2023 жылы «Қазақстан дауысы. Балалар» тележобасының суперфиналисі атанған.

Сәйкес жаңалықтар

Текелі қаласындағы №445 сайлау учаскесінде Текелі қаласының Құрметті азаматы, ардагер дәрігер Александр Владимирович Сидехменов қашанғы әдеті бойынша бірінші болып дауыс берді.

bairakkz

Абылайхан Жұбаназар Ташкентте жүлде алды

bairakkz

Нұрлан Сабуровтың элиталық жылжымайтын мүлік пен люкс автокөліктері бар — БАҚ

bairakkz