Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

«ПСЖ» МЕН «РОМА» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы ойындар өтті. Манчестер Юнайтед өз алаңында франциялық ПСЖ-ға 0:2 есебімен жол берсе, Рома Портуды 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Қызыл сойқандар ойын бастала салысымен қарсыластар қақпасына лап қойғанымен, Буффон қорғаған қақпадан саңылау таба алмады. Ал, Псж командасының шабуылы екінші таймда нәтиже берді. Ойынның 53 минутында Преснель Кимпембе есеп ашса, 60 минутта Килиан Мбаппе жеңіс голын соқты. Ойынның соңғы минутында МЮ шабуылшысы Поль Погба қызыл қағаз алып, келесі ойыннан шеттетілді.

Римдік команда мен Порту арасындағы ойын тартысқа толы болды. Бұл кездесуде де есеп  ойынның екінші бөлігінде ашылды. 70, 76 минутта Николо Дзаньоло дубль авторы атанса, 79 минутта Порту командасының ойыншысы Адриан есепті қысқартты.

Сәйкес жаңалықтар

Бектенов Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

bairakkz

«Железный человек» из Жетысу сделал свой выбор

bairakkz

Бишімбаевтың сотында танылған адвокат мемлекеттік наградаға ие болды

bairakkz