Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ЕГІЗДІҢ СЫҢАРЫ ДАУЫС БЕРДІ

2001 жылы бір үйді қуанышқа бөлеген Санат, Самат егіз спортшы Джиу-джитсу спортынан әлем және азия чемпиондығын жеңіп алған жандар. Биылғы сайлауға #8 мектепте орналасқан #386 сайлау учаскесіне жалғыз келіп дауыс берген Самат Сәрсенұлы сыңарының Қарағандыда өтіп жатқан жарысқа кеткенін айтады.

Еліміздің көк байрағын әлемдік додаларда желбіретіп жүрген спортшы өмір жалғыз жүруді, дауысты жеке беруді үйретті дейді. Биылғы сайлауда әділеттілікті ұстанатын, елді өркендетуге үлес қосатын жанның озып шыққанын қалайтынын жасырмады.

Әрбір сайлаудан қалмауды ата-анасынан үйренген жас жігіт отбасылық дәстүрді жалғап, келешектің кемел болуына әсер ететін саяси науқанға қатысуды азаматтық борыш санайды.

Сәйкес жаңалықтар

Солтүстік Аралға су жіберу жұмыстары басталды

bairakkz

«Асыл домбыра» тележобасының үшінші маусымы өтеді

bairakkz

Эльмира Сыздықова Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды

Ришат

Пікір жазу