Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Аймақ

Құлсарының көшелерінен 25 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды

Жылыой ауданында тасқын судың салдарын жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды bairak.kz ТЖ жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

«Жылыой Тазалык» ЖШС-нің директоры Бауыржан Абрахмановтың айтуынша, қазіргі кезде коммуналдық кәсіпорынның қызметкерлері Құлсарының кезінде су басқан көшелерінен тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жалғастырып жатыр.

Бұл жұмыстарға кәсіпорынның 50 жұмысшысы, сондай-ақ, 20 дана арнайы техника (5 жүк тиеуші, 15 өзі төгетіңн машина) тартылып отыр. Қазір авариялық үйлерді бұзу және жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондықтан қоқыстарды шығару жалғасады,-деді Б.Абдрахманов.

Еске сала кетейік, бүгінде жергілікті тұрғындардың 200 жуық үйлерін бұзу жұмыстары жүргізілуде.

Сәйкес жаңалықтар

Риддерде 28 миллиард теңгеге аурухана салынады

bairakkz

Түркістан облысында полиция кальян шеккен 82 тұрғынды жазалады

bairakkz

Перзентханадағы аналар да өз таңдауын жасады

bairakkz