Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Шоу-бизнес

Анара Батырхан тұрмысқа шықпай жүруінің себебін айтты

Отандық актриса әрі блогер Анара Батырхан әлі күнге дейін тұрмысқа шықпауының себебін түсіндірді, деп хабарлайды bairak.kz Malim.kz сайтына сілтеме жасап.

Анара Батырхан «Мамский әңгіме» Youtube-арнасына берген сұхбатында «Қашан тұрмысқа шығасың?» деген сұрақтардан әбден мезі болғанын айтты.

Актриса өз теңін табуды қалайтынын, тек жігіттердің батыл қадам жасаудан қорқатыны талай қыздың жалғыз жүруіне себеп дегенді айтады.

Кеше тойға қонақ ретінде бардым. Ән айттым, биледім, көптеген сымбатты жігітті көрдім, бірақ солардың бірде бірі жаныма келіп танысқан жоқ, өздерін тура танымаған адам секілді ұстады. Үйге келіп әлеуметтік желідегі жеке парақшамды ашсам, мыңдаған хат келіпті, бәрі сол тойда болған жігіттерден келген. Түрлі мақтау сөздер жазған. Неге сол сөздерді тойда өзіме келіп айтпады? — дейді Анара.

Блогердің сөзіне қарағанда, жігіттер оның танымалдылығынан қорқады.

Танымал болғанға дейін айналамда жігіттер қаптап жүретін. Күнде гүлдер, шоколадтар, серуен. Блогер атанған соң солардың бәрін таппай қалдым. Өкінішке қарай, біздің жігіттер өз-өздеріне сенбейді. Іштей ұялып тұрады. Маған Мальдив аралдарында үй немесе қымбат көлік керек емес. Көп жігіттер мен туралы солай ойлайды. Маған болашағы бар, өмірге деген көзқарасы дұрыс жігіт керек, — деді өнер иесі.

Фото: Анара Батырханның Instagram-дағы парақшасынан

Сәйкес жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева 10 жастағы ұлына көлік сыйлаған Мәдина Сәдуақасованы сынап тастады

bairakkz

Сахнада жас қыздармен билеген Нұрболат Абдуллинге айыппұл салынды

bairakkz

Көшпенділер Ойындары аясында Димаш Құдайберген жеке концертін береді

bairakkz

Пікір жазу