Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Әлем

Илон Масктың компаниясы әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер жасап шығарады

Илон Масктың X.AI компаниясы Мемфисте (Теннесси, АҚШ) әлемдегі ең үлкен суперкомпьютер құрастырады, деп хабарлайды bairak.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

«X.AI Gigafactory of Compute («есептеу қуаттылықтарының гигафаборикасы») әлемдегі ең үлкен суперкомпьютер Мемфисте орналасатынын қуана хабарлаймын. Адамдарды Марсқа жіберу үшін қажетті есептеу ресурстарын елестетіп көріңіз. Олар осында Мемфисте болады», – деді Үлкен Мемфис Cауда палатасының басшысы Тед Таунсенд.

Сауда палатасы басшысының айтуынша, жобаны іске асыру үшін Мемфис пен Шелби округінің экономикалық даму органдарынан, Теннесси өзенінің алқабының әкімшілігінен және басқа да бірнеше агенттіктен рұқсат алу талап етіледі.

Суперкомпьютер жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі жүйелерді жеделдетуге арналған Nvidia H100 графикалық процессорларымен жұмыс істейтіні белгілі. Оның бұрын тұрмыстық техника шығарған швециялық Electrolux Group компаниясына тиесілі зауытта орналасатыны анықталып отыр.

Таунсенд X.AI компаниясымен суперкомпьютер жасау туралы келіссөздер осы жылдың наурыз айында басталғанын айтты. Бұған дейін Маск өзінің стартапы 2025 жылдың күзіне қарай суперкомпьютер шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.

Фото: © AP Photo / Pool/Britta Pedersen

Сәйкес жаңалықтар

Израиль СІМ: БҰҰ бітімгерлеріне жасалған соққы кездейсоқ

bairakkz

Чжан Сяо:Тайваньның Қытайға тиесілі екені тарихи факт

bairakkz

Жапонияның жаңа премьер-министрі сайланды

bairakkz