Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Қазақ күресінде жаңа беделді турнир пайда болды

Абай облысы, Ақсуат ауданында 2024 жылдың 20 шілдесінде қазақ күресінен «ASSYL ARLAN» атты республикалық турнир ұйымдастырылады, деп хабарлайды bairak.kz.

Оған еліміздің айтулы балуандары қатысады. Бозкілемге шығатындардың арасында көптеген халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары Ерасыл Қажыбаев, Дәурен Нұралинов, Нұрдәулет Жарылғапов, Мақсат Исағабылов, Еламан Ерғалиев, Ғалымжан Қырықбай, Мұхтар Дәлелхан, Ерсұлтан Мұзаппаров сияқты балуандар бар. Турнирде түйе және өгіз балуандар анықталады дейді ұйымдастырушылар.

«ASSYL ARLAN» республикалық турниріне 80-нен аса спортшылар қатысады. Біз бұл турнирге Қазақстанның ең мықты балуандарын жинауды жөн санадық. «Қазақстан барысының» жеңімпаздары, қазақ күресінен әлем чемпиондары осы жарысқа келмек»- дейді ұйымдастырушы Рауан Оқас.

Белгілі спорт сарапшысы, жарысты ұйымдастырушы Рауан Оқас турнирдің ерекше атауына да тоқтала кетті.

«Атам заманнан қазақ пен көкбөріні егіз ұғым деп жатады. Жалпы қазақта қасқыр атаулыға құрмет ерекше. Қасқыр-асыл жануар. Арлан қасқырдың еркегі, мықтылықты, күштілікті, рухты білдіреді. Арлан деген есім қазір балаларға да беріліп жүр. Бір жағынан ASSYLTAS қоғамдық қоры бас демеуші болғаннан соң, «ASSYL ARLAN» деген атау қойдық»- дейді Р.Оқас.

«ASSYL ARLAN» республикалық турнирінде түйе палуан атанған балуанға автокөлік сыйға берілмек, ал өгіз балуан атанған спортшы 5 миллион теңгені қанжығасына байлайды.

Сәйкес жаңалықтар

Талдықорғанда ММА спортынан Қазақстан кубогы өтуде

bairakkz

«Отау» және «Наурыз» бағдарламаларына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

bairakkz

Қолөнерші отбасы дауыс берді

bairakkz