Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Алаяқтар ҰҚК атын жамылып, адамдарға құжат жіберіп жатыр

Қазіргі уақытта алаяқтық әрекет фактілері жиілеп кетті. Енді шабуылдаушылар күштік құрылымдардың, соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшыларының атынан азаматтарға қоңырау шалып жатыр.

Алаяқтар атап айтқанда, қоңырау шалып немесе өздерінің мүддесі үшін қаржылық және басқа операцияларды жүргізу туралы өтініштері немесе талаптары бар мәтіндік хабарламалар жібереді. Бұл ретте азаматтарға олардың атына қылмыстық мақсатта пайдаланылған ақшалай несие ресімделгені, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жайлы қорқытқан хабарлама келеді.

ҰҚК символикасы бар арнайы дайындалған құжаттардың файлдары жиі жіберіледі (қызметтік куәлік, хаттар мен бұйрықтардың фирмалық бланкілері).

Естеріңізге сала кетейік, ҰҚК қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде азаматтарға қандай да бір қаржылық операциялар жүргізуді ұсынуға өкілеттігі жоқ.

Егер сіз немесе танысыңыз осындай жағдайда тап болса, тез арада әңгімені/хат жазысуды тоқтатуы және 102 телефоны бойынша полицияға жүгінуі тиіс.

Сәйкес жаңалықтар

«Отау» және «Наурыз» бағдарламаларына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

bairakkz

Испаниядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 150-ден асты

bairakkz

ҚАРАША МЕН ЖЕЛТОҚСАНДА ҚАНДАЙ ЖАРЫСТАР БАР?

bairakkz