Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Саясат

Министрлік утиль алымына қатысты қабылданған шешімін жариялады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утиль алымына қатысты петицияны қарастырудың қорытындысын шығарды.

Еске түсіре кетейік, 2024 жылғы 27 мамырда министрлікке «ҚР халқы утиль алымы және бастапқы тіркеуге қарсы» атты петиция түскен болатын. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-5-бабына сәйкес, Министрлік тарапынан 2024 жылғы 4 маусымда петицияда көрсетілген мәселелерді қарау үшін жұмыс тобы құрылып, оған заңнамаға сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, өтініш беруші және оның өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер кірді.

Жұмыс тобының отырыстарын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, онда Көкшетау, Алматы, Семей, Қостанай қалаларындағы машина жасау кәсіпорындарына бару болды, оған «КАМАЗ-Инжиниринг», «Kazrost Engineering Ltd.», «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы», «Hyundai Trans Almaty», «Hyundai Trans Kazakhstan», «СемАЗ», «Daewoo Bus Kazakhstan» зауыттары кірді.

Сапарлар нәтижесінде петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырыстары өткізіліп, онда петицяда айтылған ойларға және құжат авторының бастамасымен көтерілген басқа да сұрақтарға жауаптар берілген.

Петицияны қарау барысында оның авторы мен бастамашыл тобы қайта өңдеу төлемін енгізу бәсекелестіктің бұзылуына әкеліп соқтырғанын және соның салдарынан автокөліктердің, ауылшаруашылық техникалары мен арнайы техникалардың бағасының күрт өсуіне сондай-ақ автокөлік паркінің ескіруіне әкелді деген уәждерін айтты. Сондай-ақ петицияда «Жасыл Даму» АҚ утилизациялау жөніндегі міндеттемелерін орындамай, Экологиялық кодекс талаптарын бұзып отырғаны айтылған.

Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар өтiнiштiң дәлелдерiмен және оған келiп түскен ескертулермен келiспейтiнiн бiлдiрдi.

Осылайша енгізілген ӨКМ қағидатының арқасында елдегі тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және утилизация үлесі 2016 жылғы 2%-дан 2023 жылғы 23%-ға дейін ұлғайды.

2016 жылдан 2022 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде «ӨКМ операторы» ЖШС тозығы жеткен көлік құралдарын утилизациялау бойынша 215 455 көлік құралын (бұдан әрі – ТЖКҚКЖ) және пайдаланудан шыққан өздігінен жүретін 3,507 ауыл шаруашылығы техникасын (бұдан әрі – ПШӨЖАШТ) жинады, 197 816 көлік кәдеге жаратылды.

Бүгінгі таңда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі пайдаланылған ТЖКҚКЖ және ПШӨЖАШТ кәдеге жарату бойынша жаңа бағдарламаны әзірлеуде, ол барлық кәсіпкерлік субъектісінің монополиясыз қара металды қайта өңдеуді жүзеге асыру мүмкіндігін көздейді, яғни бәсекелестік ортада.

Көлік құралдарының утиль алымы 2016 жылы Қазақстан ДСҰ-ға кіріп, жаңа автокөліктерге әкелінетін кедендік баж салығын 30%-дан 15%-ға, сондай-ақ ескі көліктерге 48%-дан 15%-ға дейін төмендеткеннен кейін енгізілді.

Бастапқы тіркеу жарнасы паркті жаңартудың және ескі және экологиялық таза емес көліктердің импортын реттеудің тиімді және дұрыс механизмі. 2 жасқа толмаған автокөліктер үшін төлем 0,25 АЕК (923 теңге) құрайды. Ол тұрғындар арасында жаңа автокөліктерді сатып алуға сұранысты ынталандыру арқылы еліміздің көлік паркін жаңартуға бағытталған.

Утиль алымы ішкі нарықты экологиялық талаптарға сай келмейтін ескі көліктерден қорғау шарасы бола отырып, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған және отандық өндірісті дамытуға жанама түрде ықпал етеді.

Барлық кәсіпорындардың шанақ пен кабинаны дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операцияларды қолдана отырып, ірі агрегатты құрастырудан шағын агрегатты құрастыруға кезең-кезеңімен көшуіне бағытталған жағдайлардың белгіленгенін атап өту маңызды. 2027 жылға қарай шағын түйін әдісі бойынша автомобиль өндірісінің үлесін жалпы өндірістің 50%-ына дейін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарлануда.

Утиль алымы енгізілгеннен бері Қазақстанның автомобиль өнеркәсібіне General Motors, KIA, Hyundai, JAC, Skoda, Yutong, Chery, GWM, Changan және т.б. сияқты шетелдік компаниялар тартылды. 2018-2022 жылдар аралығында автомобиль өнеркәсібіне құйылған инвестиция 56,9 млрд теңгеден астам болды.

Жұмыс істеп тұрған учаскелерде жеңіл автокөліктер өндірісін кеңейту бойынша жаңа жобаларды іске қосу жоспарлануда. 2023 жылы автомобиль өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция 35,8 млрд теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге өсті.

2018-2022 жылдар аралығында автокөлік өндірушілерден салық түсімдері шамамен 68,5 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың өзінде автомобиль өндірушілер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрінде 47,5 млрд теңге төледі, бұл 2022 жылғы көрсеткіштерден 76% — ға артық.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2015 жылдың басында (кәдеге жарату алымы мен алғашқы тіркеу алымы енгізілгенге дейінгі бір жылда) Қазақстан Республикасында жеңіл автомобильдер паркі 4 млн бірлікті құрады, оның 72,5% (2,90 млн бірлік) 10 жылдан астам, 8,2% (326 мың бірлік) — 3 жылға дейінгі жаста.

2022 жылдың басында (кәдеге жарату алымын 50%-ға төмендеткенге дейін) жеңіл автомобильдер паркінде үлестер оң бағытта қайта бөлінді.

Осылайша, 3 жылға дейінгі автомобильдердің үлесі 8,2%-дан 13,6%-ға дейін ұлғайды, ал 10 жылдан астам қызмет еткен автомобильдердің үлесі 73%-дан 63%-ға дейін төмендеді.

Алайда көлік құралдарын заңдастыру шаралары Қазақстан Республикасындағы автомобиль паркі құрылымына теріс әсер етті.

2019 жылы өндірілген ауыл-шаруашылық құрал-жабдықтарына утиль алымы енгізілді, ал 2020 жылы импорттық техникаға қолданыла бастады. Төлем Қазақстанға әкелінетін ауыл шаруашылығы техникасының отыздан астам түрлерінің екеуіне – доңғалақты тракторларға, астық жинайтын комбайндарға және жем-шөп жинайтын комбайндарға ғана қатысты

Қалыптасқан жүйенің арқасында Қазақстанда өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ұйымдастыру кезінде утиль алымы өндірілген техниканың өзіндік құнына қосылмайды. Утиль алымынан түскен қаражатты пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңарту мақсатында фермерлер үшін ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы іске қосылды, оған 50 млрд теңге бөлінді (микшерлеуді есепке алғанда 65 млрд теңге).

Қазақстан нарығында шетелдік және отандық тракторлар мен комбайндардың барлық түрі шаруаларға қолжетімді. Фермерлер еуропалық брендтердің жоғары технологиялық жабдықтарын пайдалануды жалғастыруда, бірақ олар Қазақстан Республикасында локализацияланған. Фермерлердің басым көпшілігі отандық өндірісті таңдайды. Мәселен, Қазақстанда сатылатын тракторлардың 85%-дан астамы мен комбайндардың 78%-дан астамы отандық.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ҚР ӨҚМ петицияны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

ҚР ӘРПК-нің 91-бабына сәйкес, аталған жауаппен келіспеген жағдайда, петиция беруші әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.

Сәйкес жаңалықтар

Сайлаушылардың құрметіне концерттік бардарлама ұсынылды

bairakkz

Ақжаулықты әжелер таңдауларын жасады

bairakkz

Елисей сарайының бағында Тоқаев пен Макрон бейресми әңгіме өрбітті

bairakkz