Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Әлеумет

Қазақстанда 6 мыңнан астам отбасы бала тәрбиесіне салғырт қарайды

Бала тәрбиесіне салғырт қарайтын 3 мыңнан астам отбасы Ішкі істер министрлігінің профилактикалық есебіне алынған. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев кезекті онлайн баспасөз мәслихатында айтты.

«Жыл басынан бері 21 мыңнан астам отбасы тексерілді. Оның 7 мыңнан астамында балалар өгей әкесімен немесе анасының серігімен бірге тұрады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған 800-ден астам отбасы анықталды. Олар туралы ақпарат құзырлы органдарға жіберілді. Бала тәрбиелеу бағытындағы міндеттерін атқармайтын үш мыңнан астам ата-ана профилактикалық есепке қойылды. Жалпы мұндай есепке алты мыңнан астам ата-ана қойылған», — деді ол.

ІІМ ресми өкілі осы отбасылардың мәселесіне байланысты 3495 материал тексерілгенін айтады.

«Соттар 300-ден астам адамды ата-ана құқығынан айырып, 240 адамның құқығын шектеді. Ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін алты мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді Шыңғыс Әлекешев.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады

bairakkz

Қанша қазақстандықтың проблемалық несиесі бар

Ришат

Қазақ балалары IBO 2024 олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті

bairakkz