Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Саясат

Бектенов Қарағандыдағы апатқа кінәлілер жазаланатынын айтты

Олжас Бектенов Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы ТЖ салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы қайғылы оқиға салдарынан адамдардың қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Оқиғаның себептерін анықтау менің жеке бақылауымда. Қаза тапқандардың отбасына барлық қажетті қолдау көрсетіледі, — деді Олжас Бектенов.

Бүгінгі таңда Қарағанды ферроқорытпа зауытында ТЖ салдарынан болған апаттың себептерін тергеу жөніндегі арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Анықтама:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, балалары бар қаза тапқандардың отбасына асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты республикалық бюджеттен жәрдемақы және МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер тағайындалады.

Қаза тапқандардың отбасы сақтандыру ұйымынан төлемдер және БЖЗҚ-дан жерлеуге біржолғы төлем алады.

Сонымен қатар жұмыс беруші компания жерлеу рәсімінің барлық шығынын, сондай-ақ келесідей міндеттемелерді:

қаза тапқан қызметкерлердің отбасына 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем беруді;

қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларының тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесуді;

қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелерінің барлық несиесін толық өтеуді өз мойнына алды.

Сәйкес жаңалықтар

Жолдауда айтылған міндеттерді орындауға күш саламыз — әскери бөлім командирі

bairakkz

Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

bairakkz

Кербұлақ ауданында сайлау науқаны мерекелік көңіл-күйде өтуде

bairakkz

Пікір жазу