Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Шоу-бизнес

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет қайта қосылды

Ресми түрде ажырасқан отандық шоу-бизнес жұлдыздары Ақбота-Нұр Абайқызы мен Дәурен Айдарқұлов қайта қосылды. Экс-жұбайлар бірігіп, іс-шараларды жүргізуді қолға алған.

Дәурен Айдарқұлов Ақбота Сейітмағамбетпен түсірілім алаңында танысып, екінші рет шаңырақ көтерген еді. Алайда, өнер иелері 2020 жылы ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген. Бір ұл, бір қызды тәрбиелеп жатқан экс-жұбайлар сахнада қайта бас қосты. Бұл туралы Дәурен Айдарқұлов Instagram парақшасында жазды.

Мен, Даурен Айдарқұлов және серіктесім @akbotanurabaykyzy сіздерді ерекше кештерімізге шақырамыз! Бізбен бірге әрбір мерекені көңілді, қызықты және жарқын өткізейік.
Бізбен бірге жарқын сәттерді бөлісіңіз!, — деп жазды Дәурен Айдарқұлов.

Айта кетейік, аталған жұп Ақсуатта өткен “Асыл бесік-Ақсуат” өнер және спорт фестивалінде гала-концертті тізгіндеді. Көпшілік жарасымды жұп екенін айтып, қайта қосылуына тілектестік білдіріп жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

«Менің атым Қожа» фильмі заман талабына сай қайта түсіріліп жатыр

bairakkz

Ерке Есмахан 40 жасқа толуына орай Raim-ның не сыйлағанын көрсетті

bairakkz

Тұрсынбек Қабатов ауруханаға түсіп қалды

bairakkz