Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарСаясат

Тоқаев Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы жиында Ресей-Украина арасындағы қақтығысты шешу мәселесі жөнінде де пікір білдірді.

“Канцлер Шольцпен келіссөз барысында айтқанымдай, Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық. Бұл – Ресейдің әскери әлеуеті, Президент Путин жүргізіп отырған саясатты халқының қолдауы және тарихтың өзі дәлелдеп отырған факт. Сондықтан біз қақтығысты бейбіт түрде шешу жолдарын қарастыруды, барлық мемлекеттің, соның ішінде Қытай мен Бразилияның ақылға қонымды жоспарларын қолдаймыз”, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Иранмен ядролық қару мәселесінде мәмілеге келуге, Сирия бойынша келіссөз жүргізуге, сонымен қатар жақында ғана Армения мен Әзербайжан арасындағы кездесуге арнайы алаң ұсынғанын еске салды.

Сәйкес жаңалықтар

«Өкше сүйегі шытынап кеткен»: Қыдырәлі Болманов аттан құлап, жарақат алды

bairakkz

Испаниядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 150-ден асты

bairakkz

Президент Италия министрлер кеңесінің төрағасымен кездесті

bairakkz