Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қазақстанда микронесие алу қиындай түспек

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап микронесие алу қиындай түспек.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов депутаттық сауалға берген жауабында айтты. Енді 2025 жылдан бастап онлайн микронесие алу кезінде биометриялық сәйкестендіруді де, электрондық цифрлық қолтаңбаны да міндетті түрде қолдану жүйесі енгізіледі.

Сондай-ақ микроқаржы ұйымдары үшін клиент ақша аударғанға дейін оған банктік шоттың немесе төлем картасының тиесілігін анықтауы қажет. Жалпы, банктер мен микроқаржылық ұйымдарға тексерудің кем дегенде екі әдісін, биометрияны және ЭЦҚ қолдану қажет деген талаптар қойылды.

Сонымен қатар банктер төлем мен ақша аударымы кезінде оның ұялы телефонына арнайы код жібереді.

Қаржы реттеушісі банктерге онлайн-несие рәсімдеу кезінде несие беруді келесі күні мақұлдауды ұсынды. Осылайша, клиенттерді алаяқтардың құрығынан арашалап қалуға болады.

Ұлттық банк басшысы қазақстандықтар несие алудан өз еркімен бас тарту функциясын қоса алатынын атап өтті. Бүгінде 700 мыңға жуық қазақстандық несие алудан бас тарту функциясын қосып қойған. Бұл алаяқтардың сіздің атыңыздан несие алуының жолын кесуге мүмкіндік береді.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Қытайдағы Гран-при кезеңіне қатысады

bairakkz

Адам Навалка: «Тек жеңіс үшін ойнайтынымыз анық»

Ришат

ШЫҢҒА ШЫҚҚАН ШЫМЫРЛАР

bairakkz