Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтарШоу-бизнес

Шығыс Қазақстан көпірдің ашылуына 13 жыл бұрынғы әнін айтқан әншіні не үшін шақырған?

Жақында премьер-министр Олжас Бектенов барып, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылған болатын. Бүл бүкіл ел болып қуанған  керемет жаңалық. Осындай игілікті іс-шаралардың соңы гала-концерттерге ұласып жатады. Күршімге эстрада жұлдызы Бейбіт Қорған барыпты.

Қызығы сол, Бейбіт Қорған жергілікті халықтың көңілін осыдан 13 жыл бұрын шыққан «Шок қыздар» әнімен көтеруді жөн көріпті. Желідегілерге ескі әнін айта беретін әншілерді шақыру ұнамай қалған. Ең болмаса, жергілікті әншілерге неге мүмкіндік бермейді деп ренжіп жатқандар бар. Ұйымдастырушылар қыруар қаржы беріп, ескі әнін айтатын Бейбіт Қорғанды шақыруы көпшілікке түсініксіз.

«Қалтасын қалыңдатуға келді.Ауылдын өнерпаздары Бейбіттен артық айтады», «Осы әншілерді неге шақырады? Қанша ақша төлеп одан да Күршімнің немесе Зайсанның өнерпаз әншілері жетерлік», «Осы әнмен қартайды-ау», «Осыдан басқа әні жоқ па?», — деген пікірлер жазылған.

Сәйкес жаңалықтар

Өзенмұнайгаздың қаржысын жымқырған компания басшысы ұсталды

bairakkz

ЖҮЛДЕЛІ ЖІГІТТЕР

bairakkz

Қолөнерші отбасы дауыс берді

bairakkz