Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Алматы облысында колония бастығының орынбасары ұсталды

Алматы облысы бойынша ҚАЖД № 14 мекемесі бастығының орынбасары бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды.

«2024 жылғы 13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы облысы бойынша ҚАЖД № 14 мекемесі бастығының орынбасары пара алды деген күдікпен ұстады», – деп хабарлайды Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.

Сәйкес жаңалықтар

Ми-компьютер интерфейстері: Қытайдың шектеулерге толы жаңа бағытқа жасаған стратегиялық таңдауы

bairakkz

Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді — видео

bairakkz

ҚТЖ-да өтірік жұмыспен қамтылғандар 21 млн теңге шығын келтіргені анықталды

bairakkz