Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Шерзат Болаттың өлімі: Күдіктілердің туыстары шу шығарды

Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты күдікті деп танылғандардың туыстары Шерзаттың әкесін жауапқа тартуды сұрайды.

Әлеуметтік желіде Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша күдіктілердің туысы екендерін айтқан бір топ адамның видеоүндеуі жарияланды.

Біз халықтан кешірім сұраймыз. Біздің балалар кінәлі. Бірақ Нұрқанат (ағасы) пен Қаржаубай (әкесі) да жауапқа тартылуы керек. Екі тарапты да әділ бағалауды сұраймыз. Мылтықты Нұрқанат (ағасы) көлігінен шығарып, жігіттерге қарай атты. Шерзат жағын жайдан-жай сындырып алды. Олар өздері пышақ пен мылтық алып шықты, сондықтан жігіттер көтерілді. Тағы да балаларымыз үшін кешірім сұраймыз. Біздікі қате. Бірақ егер олар арандатпаса, бәрі тыныш үйлеріне кетер еді. Шерзатты арнайы өлтіруге баратындай олар шакал емес, OПГ емес. Дарханнан қоңырау түскен кезде олар өздері дәмханада отырды. Барлығы осыдан басталды, — дейді үндеу жасағандар.

Еске салсақ, Талғар қаласында бір топ азаматтың арасында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат көз жұмған болатын. Осы іске байланысты бірнеше күдікті ұсталып, тергеу жүріп жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қаражат жымқырылған

bairakkz

Алматы облысында колония бастығының орынбасары ұсталды

bairakkz

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан 15 мың гектар жер қайтарылды

bairakkz